Алматыда тағы да су құбыры жарылды. Бұл жолы
әл-Фараби және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы жер асты құбыры істен шықты. Апат
салдарынан көлік кептелісі бірнеше шықырымға созылды. Көше суға толды. Ол мұзға
айналып, көктайғақтан көліктер соқтығысып қалды. Оған қоса қырыққа жуық көпқабатты
үй судан ажыратылды.
«Алматы су» мекемесінің жауабына сүйенсек, «Нұрлы Тау» бизнес орталығына тиесілі құбыр желісінде бекітуші шүмек сынған. Апат
орнында арнайы топ ақауды жою жұмыстарын қолға алды. «Алматы су» кешке дейін тұрғын үйлерге
су бермек. «Жарылған құбыр «Нұрлы тау» бизнес орталығына тиесілі, сондықтан шүмекті ауыстыру солардың мойнында», - дейді холдинг өкілдері.
Серік
Шағыров, «Алматы су» холдингінің баспасөз хатшысы:
Апаттан кейін көшеге көп мөлшерде су төгілді.
Қанша көлемде су далаға кеткені арнайы тексерістен кейін белгілі болмақ. Бұл
шығынды сол су желісінің иелері өтейді. Айта кетейін, жарылған бекіту шүмегі
үшін «Нұрлы Тау» бизнес орталығы жауапты. Сондықтан кешенге қашан су берілетіні соларға
байланысты. Ал біздің тараптан тұрғын үйлерге кешке дейін су беріледі.
Берік
ХАСЕНОВ