Президент жанындағы әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдерді
кәсіпкерлікке тартуға ден қоймақ. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара
Әбдіхалықова аталмыш комиссияның биылғы қорытынды отырысында мәлімдеді.
Еліміздегі нәзік жандардың белсенділігі халықаралық деңгейде жоғары баға алған.
Статистика кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама
қатысушыларының 42 пайыздан астамы әйелдер екенін көрсетті.
Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Әйелдерді, бірінші, кәсіпкерлікке тарту.
Кәсіпкершілік жасауға ықпал ету. Біз жақында үлкен жоспар қабылдадық. Ол жоспар
отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы болып жатқан әр түрлі келеңсіз
жағдайлармен күресу, сол мәселелері қаралып отыр. Сол жоспарды қалай жүзеге
асырамыз, сол мәселе қаралатын болады.
Елде бизнеске бет бұрған нәзік жандарды
қолдау жыл сайын артып келеді. «Даму» кәсікерлікті дамыту қоры» әйелдер бизнесін
қаржыландырудың арнайы бағдарламасын жасамақ. Қор басқарма бастығының
айтуынша, әйелдердің өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағын арттырмақ. Ұлттық
қордан бөлінген 100 млрд теңге мен «Бәйтерек» холдингі және «Даму» қоры бөлген 50
млрд теңге әйелдерге 6 пайыздық жылдық үстемемен несие түрінде 10 жылға
жеңілдікпен берілмек.
Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» АҚ басқарма бастығы:
«Азия даму банкінен» қарыз алдық. Ал банктер ол
ақшаның 30 пайызын басшысы әйел немесе қызметкерлерінің 50 пайызы нәзік жандар
құрайтын кәсіпорындарға беруге міндеттеледі, яғни банктерді әйелдер жетекшілік
ететін жобаларды табуға ынталандырамыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ