$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Семейдегі аулаларды су басты

AstanaTV
15.12.2014ж. 10:00
1203
Семейдегі аулаларды су басты

Ал, Семейде 30-ға жуық үйдің ауласын су басты. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, «Интерфакс» агенттігі хабарлайды.

Ертіс өзені ағынның бітелуі салдарынан Восточный елді мекені су астында қалып отыр. Мәлім болғандай, 48 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында 6 бала да бар.

Қазір олар екі уақытша қоныстану пункттерінде жайғастырылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта су ағынының көбеюі байқалмайды. Оқиға орнына 198 құтқару қызметкері мен 23 техника жұмылдырылды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА