$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі мен автобус соқтығысты

AstanaTV
15.12.2014ж. 10:00
1471
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі мен автобус соқтығысты

Қарағандыда жедел жәрдем мен автобус бетпе-бет соқтығысып, медициналық көліктегі 2 адам жарақат алды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, 29 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі қос жолаққа қарамастан, қарсы бетке шығып кеткен. Осының салдарынан науқасқа асыққан жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Медициналық көліктің жүргізушісі мен оның қасындағы фельдшер сүйек сыну, ми шайқалу диагноздарымен жақын маңдағы клиникаға жеткізіліпті. Қазір аталған оқиғаға орай тергеу амалдары басталды.