Осы уақытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев Ақордада Тәуелсіздік күніне орай бірқатар азаматтарға мемлекеттік
марапаттарды табыстауда. Елбасы қолынан қарапайым азаматтар, бизнес өкілдері,
мәдениет және өнер қайраткерлері, әскери қызметшілер мемлекеттік наградалар
алады деп жоспарланған.
Атап айтқанда, ерен еңбегімен көзге
түскен 48 отандасымызға «Қазақстанның Еңбек Ері» ордені табысталмақ. Сондай-ақ, 306 азаматқа Қазақстан Республикасының құрмет
грамотасы тапсырылады. «Отан», 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі «Барыс» ордендері
мен «Парасат» және «Достық» ордендері де өз иелеріне табысталмақ.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА