$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Ресейдің Есеп палатасы 334 миллиард рубльді құраған заң бұзушылықтарды анықтады

AstanaTV
15.12.2014ж. 13:00
1331
Ресейдің Есеп палатасы 334 миллиард рубльді құраған заң бұзушылықтарды анықтады

Ресейдің Есеп палатасы 2014 жылы 334 миллиард рубльді құраған заң бұзушылықтарды анықтады. Жыл соңына дейін бұл сомма 400 миллиардқа дейін өсуі мүмкін. Бұл жөнінде ведомство төрайымы Татьяна Голиковаға сілтеме жасап, «Взгляд» газеті жазады.

Аталмыш факт бойынша, 24 қылмыстық іс қозғалып, тағы 26-сы қосымша тергеуге жіберілген. Голикованың айтуынша, қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің төмендігі қыруар қаражаттың жоғалуына себеп болды. Енді 2015-17 жылдардың бюджетін қайта қарау керек болады деп қосты ол. Палата төрайымы алда қиын кезең күтіп тұрғанын жасырмайды. Өткен аптада тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қаржы нарығында қолдан баға жасағандарға қылмыстық қудалау енгізу қажеттігіне тоқталған. Алайда, Орталық банктің ұстанымы бөлек.

Айта өтейік, Есеп палатасы қарашада тек мемлекеттік сатып алулардағы заң бұзушылықтардың өзі 112 миллиард рубль болғанын мәлімдеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА