$487.81 €527.62 ₽5.02
×

ОПЕК «қара алтын» бағасы баррелліне 40 доллар болған күнде де өндірісті қысқартпақ емес

AstanaTV
15.12.2014ж. 13:00
1807
ОПЕК «қара алтын» бағасы баррелліне 40 доллар болған күнде де өндірісті қысқартпақ емес

Әлемдік мұнай экспорттаушы елдер ұйымы «қара алтын» бағасы баррелліне 40 доллар болған күнде де өндірісті қысқартпақ емес. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухаиль әл-Мазруи мәлімдеді, деп жазды «Блумберг».

Сондай-ақ, Әл-Мазруи ОПЕК нарықтағы мұнай бағасына байланысты алдағы 3 айда ешқандай жиын өткізбейді деді. Бағаны реттеуге қатысты басқосу тек 6 айдан соң өтуі мүмкін. Осылайша ұйым мүшелері нарықтың өзін-өзі реттеуіне мүмкіндік беріп отыр. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Абдалла Сәлем әл-Бадри де пікірін білдірді. Ол, «қара алтын» құны күтілген деңгейден төмен болса да, Парсы шығанағы елдері мұнай өндірісі мен барлау жұмыстарына инвестиция құюын жалғастыра беретінін айтады. Сондай-ақ, бас хатшы өндірісті үдету Ресей мен Иранға қарсы қабылданып отырған шара емес дейді.

Еске салайық, өткен жұмада Нью-Йорк саудасында Brent маркалы мұнай барреліне 62,90 доллар, ал WTI соңғы 4 жылда алғаш рет 58 доллар деңгейіне түсті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ