$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Ливияда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

AstanaTV
15.12.2014ж. 13:00
1006
Ливияда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Ливия ұлттық мұнай өндіру корпорациясы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі. Сондай-ақ, бұл елде екі бірдей ірі мұнай айлақтары жабылған. Олар - Рас-Лануф және Әс-Сидер айлақтары. Ұлттық корпорацияның жұмысы қашан жанданатыны әзірге белгісіз.

Айта өтейік, «қара алтын» өндірісі мен оны экспортқа шығару Ливияда тұралап қалды. Оған Бенгазиді бақылаушы содырлар мен Триполидегі исламистердің қақтығысы себеп болған. Мұның арты үлкен қиыншылыққа әкеліп соқтырмақ. Алайда, шара форс-мажорлық жағдайларға байланысты қабылданды. Сондықтан, корпорация халықаралық келісім-шарттардың талабын орындамауға байланысты жауапкершілікке тартылудан жарым-жартылай босатылады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА