$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Қарағандыда жол апатынан зардап шеккен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен фельдшер әлі есін жиған жоқ

AstanaTV
15.12.2014ж. 13:00
927
Қарағандыда жол апатынан зардап шеккен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен фельдшер әлі есін жиған жоқ

Қарағандыда жол апатынан зардап шеккен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен фельдшер әлі есін жиған жоқ. Бұл жайында арнамызға облыстық жедел жәрдем орталығының өкілдері хабарлады.

Демалыс күндері автобус пен жедел жәрдем көлігі бетпе-бет соқтығысқан болатын. Куәгерлердің айтуынша, 40-ншы бағыттағы жолаушылар автобусы қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы мезетте ол жедел жәрдем көлігіне соғылады. Соңғы көліктегі екі адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Ішкі істер департаменті өкілінің мәлімдеуінше, соңғы кезде қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Биыл автобус жүргізушілерінің кінәсінен 30 жол апаты орын алып, 5 адамның өмірі қиылды. Тағы 32 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Айжан ҚУАШ