$487.81 €527.62 ₽5.02
×

«Soyle.kz» мобильді қосымшаcы мен балаларға арналған қазақ тілін дамыту порталы таныстырылды

AstanaTV
15.12.2014ж. 20:00
3472
«Soyle.kz» мобильді қосымшаcы мен балаларға арналған қазақ тілін дамыту порталы таныстырылды

Астанада қазақ тілін оқытатын «Soyle.kz» мобильді қосымшаcы мен балаларға арналған қазақ тілін дамыту порталы таныстырылды. Мобильді қосымшаға үш жарым мыңға жуық сөз бен 700-ден астам толықтай дыбысталған «Тақырыптық сөздік» енген. Бұл туралы журналистермен кездесуде мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев мәлімдеді. Тегін онлайн курс арқылы қолданушылар қазақша әдеби және ауызекі сөйлеуді қысқа мерзімде меңгермек. Сондай-ақ, бұл қосымша сөздерді оқып-жазуға, сөйлемдерді дұрыс құрауға көмектеспек.

Жоба авторлары «балаларға арналған қазақ тілі» атты порталмен де таныстырды. Ол балаларға әліпбиді, аудио-сөздіктер арқылы жаңа сөздермен танысуды және санауды үйретеді. «Ертегілер», «Сандықша», «Ойындар» атты қосымша бөлімдерде қазақ тіліндегі мультфильмдер көрсетіледі. «Кішкентай қолданушылар ән айтып, ертегі тыңдап, санамақтарды үйрене алады», - дейді Азат Шауеев.

Азат Шауеев, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

Келешекте әртүрлі мамандыққа, кәсіпке, соларға арнап, ішіне қосамыз. Мысалы, қаржыгерлерге, экономистерге деген сияқты. Ал бұл қандай аудиторияға арналған? Біріншіден, бұл ең бірінші Қазақстанда тұратын орыс тілді азаматтарға арналған.

Жұрағат БАМАН