$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Бельгияда жалпыұлттық ереуілдер басталды

AstanaTV
15.12.2014ж. 20:00
1283
Бельгияда жалпыұлттық ереуілдер басталды

Бельгияда жалпыұлттық ереуілдер басталды. Кешелі бері Брюссельдің халықаралық әуежайында 600-ге жуық рейс тоқтап тұр. «Рейтерс» агенттігінің мәліметінше, Бельгияның әуе кеңістігі толықтай жабылған. Бүгінде мыңдаған жолаушы жолынан қалды.

Наразылық шарасы «қатаң үнемдеуге» байланысты болып отыр. Нақтыласақ, елдің жаңа билігі бюджеттік шығындарды қысқартып, салық саясатын түзеткен. Салдарынан қарапайым жұртшылық сатып алу қабілетінен қағылуда. Бүгінде ереуіл акциясына мектеп, аурухана мен түрме қызметкерлері қатысуы ықтимал деп болжануда. Бұдан басқа, Бельгияда барлық әлеуметтік транспорт түрлерінің жұмысы тоқтаған.

Жұрағат БАМАН