Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 85 жасқа толды

AstanaTV
16.12.2014ж. 20:00
3680
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 85 жасқа толды

Бүгін КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 85 жасқа толып отыр. Ел тәуелсіздігі мен өзінің мерейтойын қазақтың бұлбұл әншісі туған жері Шығыс Қазақстан облысында тойлауды ұйғарған. Ғұмырын өнерге арнаған ол сахнаға шығып өзін сүйіп тыңдайтын халқына арнап ән салды. 

Бибігүл Төлегенова өз туған күнін көбіне жолда қарсы алатынын айтады. Кеңес Одағы тұсында да, кейінгі кездерде де үнемі солай болатын дейді. Биыл алғаш рет кіндік қаны тамған жерінде, достары мен туған-туыстарының ортасында қуанышқа бөленіп отыр. Жерлестерім үшін ән айту оңай емес, ерекше толғаныс үстіндемін дейді. Жезтаңдай әншінің туған күні Еліміздің тәуелсіздігімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан екі мерекені қатар тойлауда. Айта өтейік, Бибігүл Төлегенова «Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болған адам ретінде де тарихта қалады. 

Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі:

Бүгін, Құдайға шүкір, 85 жасқа келіп отырмын. Өзімнің торқалы тойымды еліме келіп, елімде қарсы алып жатырмын. Оның өзі мен үшін бақыт. Үлкен қуаныш, еліміз аман болсын, тыныштық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Қашан да осы қызықты кезеңде бас қосайық. Әрине, туған күнім менің 16 күні. Оның қарсы алатындай ешкімнің уақыты жоқ. Бірақ та мен соған қуанам, бүкіл Қазақстан сол күні дем алып, сол күні демалыс болады, мереке болады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА