$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Түрік газеттері Қазақтан туралы көлемді мақалалар жазды

AstanaTV
18.12.2014ж. 20:00
1855
Түрік газеттері Қазақтан туралы көлемді мақалалар жазды

Түркияның бірқатар басылымдары Қазақстанның бас мейрамы Тәуелсіздік күніне орай, қазақ елі туралы көлемді мақалалар берді. Күніне бір миллион дана тиражбен тарайтын Анадолының көшбасшы газеті «Заман» - бауырлас елге бүтін бір нөмірін арнады. Түркиядағы арнаулы тілшіміздің хабарлауынша, 16 беттік газетте Қазақстанға қатысты тарихи, мәдени және экономикалық тақырыптарда мақалалар жарық көрді.  Көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлері мен құсбегілік, саятшылық жайына тоқталған дүниелер де бар.

Сондай-ақ, 2017 жылы Астанада өтетін EXPO халықаралық көрмесі мен ел үкіметінің алға қойған жоспары туралы екі беттік сараптамалық мақала жарияланды. Қазақ елінің 23 жылда жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктері бас тақырыпқа айналды. Аталған басылымнан өзге, жергілікті «Ватан» газеті мен бірнеше телеарналар да еліміздің егемендігі туралы  тарихи материалдар дайындаған.