Қырғызстан билігі ақша айырбастау
орталықтарын жауып тастауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Толқынбек
Абдығұлов ескертті деп, хабарлайды «Рейтерс».
Өйткені елде доллар өсіп кетті. Ал
ақша айырбастау орталықтары АҚШ валютасының бағамын өз беттерінше көтеріп, оны
60 сомға жеткізген. Дегенмен, Ұлттық банк төрағасы, алаңдауға негіз жоқ, жағдай
бақылауда деп, халыққа басу айтып отыр.
Оның пікірінше, Ұлттық банк қоры сомды
жарты жылдай тұрақты ұстай алады. Толқынбек Абдығұлов сонымен қатар ресей
рублінің құлдырауы елдегі жағдайға әсер етпейді деп мәлімдеді. Дегенмен, Ұлттық
банк Ресей мигранттарынан келетін қаржылық аударымдардың азайғанын мойындайды. 98 жылдардағы қаржылық дағдарыстан ол көрсеткіш 30 пайызға
дейін төмендеген еді. Және бұл жайт та валюта нарығындағы көрсеткіштерге әсерін
тигізуі мүмкін.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ