$524.24 €612.94 ₽6.68
×

АҚШ президенті Ресей мен Венесуалаға қатысты санкция жариялады

AstanaTV
19.12.2014ж. 10:00
1134
АҚШ президенті Ресей мен Венесуалаға қатысты санкция жариялады

АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы санкция қабылдауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлады.

Алайда, Ақ үй басшысы, әзірге бұл мүмкіндіктерді қолданбайтынын мәлімдеуде. Обаманың сөзінше, «АҚШ әкімшілігі және оның еуропалық әріптестері мен одақтастары Украинадағы жағдайды бақылап, Ресейдің іс-қимылына қарап, шешім қабылдайды».

Өз кезегінде Вашингтон Мәскеу Ақ үйдің айтқанына құлақ асып, қажетті қадамдарға барған күнде санкцияларды жоятынын айтуда. АҚШ қабылдаған «Украина еркіндігін қолдау 2014 актісі» Ресей ұлттық компанияларына қатысты шектеулер енгізіп, Украинаға әскери көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Аталмыш заңға сәйкес 2015 жылы Украинаға тағы 350 миллион доллар әскери көмек жөнелтілуі мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ