$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Лукашенко Ресеймен арадағы сауданы доллар мен еуроға ауыстыруды тапсырды

AstanaTV
19.12.2014ж. 10:00
1107
Лукашенко Ресеймен арадағы сауданы доллар мен еуроға ауыстыруды тапсырды

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Ресеймен арадағы есеп-қисаптарды доллар мен еуроға ауыстыруды ел үкіметінен талап етті. Оның пайымынша, «бұл қадам әлдеқайда ертерек жасалуы керек еді». «Біздің энергия тасымалдаушыларға төлейтініміз секілді, Ресеймен арадағы сауда рубльмен емес, доллармен жүруі тиіс», - деді.

Желтоқсанның 15-і күні Алексадр Лукашенко үкімет алдына тағы бір міндет жүктеді. Беларусь өнімдерін өткізудің жаңа нарығын табуды тапсырды. «Ресей бізге бауырлас ел болса да, біз олардың әрдайым тілеуін тілеп отыра алмаймыз. Көрмейсіздер ме, олар құлдырағанда, біз де зардап шектік», - деді Белоруссия басшысы. Сондай-ақ, алғашында келісілгендей, Ресей нарығында Белоруссия өнімдері 85 пайыз емес, 40-45 пайызы ғана саудаланып жатқанын жеткізді.

Айта өтейік, ресми Мәскеу бірқатар өнеркәсіптің азық-түлігіне шектеу қойып тастаған еді. Бұдан соң Лукашенко Ресейді Кедендік Одақтың нормаларын бұзды деп те, айыптаған болатын.