$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматыда биыл 16 базар сүрілді

AstanaTV
19.12.2014ж. 13:00
1135
Алматыда биыл 16 базар сүрілді

Алматыда биыл 16 базар сүрілді. Тағы 14 жабайы базар орналасқан жер телімдерін заңдастыру жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаһар әкімі Ахметжан Есімов айтты.

Сондай-ақ, әкім қалада инфляция деңгейі 7 пайыздан аспайтынын жеткізді. Биылғы жыл Алматы үшін табысты болды. Қалада өндірілген өнім 8 трлн теңгеден аспақ. Өсім 6,3 пайызды қамтыды, - деді әкім. Шаһардың бюджет көлемі 356 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда, 50 млрд-қа артты. Мегаполис басшысы келтірген өзге де деректер жайлы толығырақ кешкі жаңалықтарымызда айтатын боламыз.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА