$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады

AstanaTV
19.12.2014ж. 13:00
1756
Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады

Жаңа жыл қарсаңында ел ішіне, сондай-ақ көршілес Ресейдің бірнеше қалаларына қатынайтын қосымша жолаушылар пойыздары сапарға шығады.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мұндай бір реттік қосымша пойыздары арқылы мереке алдындағы билет тапшылығын шешуді мақсат еткен.

Жаңа кесте төмендегідей:

26, 30 желтоқсанда Алматы-2 - Арыс-1,
27, 29 желтоқсанда Алматы-Көкшетау,
29-30 желтоқсанда Астана-Қостанай, Астана-Арыс,
сондай-ақ 27, 28, 29, 30 желтоқсан күндері Маңғышлақ-Бейнеу бағыты бойынша пойыздар жүреді.

Ал, көршілес Ресейге қатынайтын халықаралық бағыт: Новосібір-Алматы, Новокузнецк-Қарағанды бағытында жоспарлануда.

«Жолаушылар тасымалы» мекемесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған шара жолаушылардың сұраныстары бойынша қабылданды. Бағыттар тек бір реттік кесте ретінде бекітіледі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ