$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Машина жасаушылар президент шешімін қолдайды

AstanaTV
22.01.2016ж. 20:00
1631
Машина жасаушылар президент шешімін қолдайды

«100 нақты қадам - ұлт жоспарының» ауқымды реформаларын бастамас бұрын, елдің саяси күштері халықтың сенім мандатына ие болулары тиіс. Отандық машина жасаушылары одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасына қолдау білдірді. «Агромашхолдинг» қоғамының басшысы Дин Ким, төменгі палатаны тарату туралы президент шешімін күрделі геоэкономикалық жағдайда «бір қадам ілгері жасалған» шешім, деді.

Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушыларының одағы басқармасының төрағасы:

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Елбасының мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу шешімін қолдайды. Елдің ірі машина жасаушы кәсіпорындары бес реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам - ұлт жоспарын» толық құптайды. Біздің ойымызша, мәжілістің бесінші шақырылымы оған қажетті заң тетіктерін жасай алды.

Дин Ким, «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:

Қазақстан жаһандық экономиканың мүшесі ретінде валюта бағамының тұрақсыздығы, шикізат құнының арзандауы сынды сыртқы факторлардың әсерін сезініп отыр. Дегенмен, дамуға мүмкіндік бар. Біз өндірісті дамытып, еңбек ұжымы үшін әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Сондықтан Елбасының мәжілістің бесінші шақырылымын тарату шешімі - уақытылы қабылданған қадам.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ