$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Елбасының Жолдауы Атырау жұртшылығы арасында қызу қолдау тапты

AstanaTV
19.12.2014ж. 20:00
1147
Елбасының Жолдауы Атырау жұртшылығы арасында қызу қолдау тапты

Елбасының қараша айындағы халыққа жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы Атырау  жұртшылығы арасында қызу қолдау тапты. Екі күннен бері республикалық ақпараттық топ мұнайлы өңірдің түрлі сала қызметкерлерімен кездесуде. Бүгін аталған топ елімізге салынған алғашқы шетелдік инвестицияның жемісі болған «Теңізшевройл» компаниясы ұжымында болды. Жиында Жолдаудың ел экономикасына қосар үлесі туралы сөз болды.

Жолдаудағы 7 басым бағыт Ұлттық қордағы  қаржымен жүзеге асады. Ал Атырау облысы - ел бюджетінің локомотиві. Мемлекет қазынасына жыл сайын салық пен өзге де төлемдерден 500 миллиардтан астам теңге аударылады. Бұл орайда - мұнай-газ кәсіпорындарының үлесі ерен. Республикалық ақпараттық топ бұдан өзге де аймақтағы іргелі кәсіпорындармен, кәсіпкерлер, этномәдени өкілдер, дәрігерлер, ұстаздар қауымымен, жалпы 20 шақты еңбек ұжымымен кездесіп, Жолдаудағы міндеттерді түсіндірмек.

Светлана Қайырғалиева, «Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің кеңесшісі:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» деген Жолдауы республика жұртшылығына  қозғау салып, олардың ертеңге деген сенімін ұялатқаны баршаға аян. Соның бір бөлігі - біздің «Теңізшевройл» ұжымы. 

Базаркүл ІЗІМОВА