Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Назарбаев Порошенкоға көп ұлтты мемлекетте тұтастықты сақтаудың қазақстандық үлгісін қолдануды ұсынды

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
1025
Назарбаев Порошенкоға көп ұлтты мемлекетте тұтастықты сақтаудың қазақстандық үлгісін қолдануды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкоға көп ұлтты мемлекетте тұтастықты сақтаудың қазақстандық үлгісін қолдануды ұсынды. «Бұл - әлемдік тәжірибе. Украина оны барынша тездетіп қолға алуы тиіс», - деді Елбасы.

Ал, Петр Порошенко өз тарапынан Назарбаевқа Украина шиеленісін шешуге өзінің әлемдік беделі мен ықпалын қосқаны үшін алғыс білдірді. Ресей-Украина қарым-қатынасын жақсартудың нақты жолдарын ұсынған Қазақстан басшысы «Украина үшін бауырлас Ресей әрқашан серіктес болып қала бермек және онымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге болады», - деп есептейді.

Ал, Еуропаға жақын орналасқан Украинаның болашағын Еуропалық одақпен байланыстыруы түсінікті жағдай. Қазақстан Президенті, Украинаның тұтастығын сақтай отырып, Донбасстағы жағдайды реттеудің жолдарын да қарастыру керек, - деді. Айтуынша, ол жердегі саны аз ұлттардың мәселесін Минск келісімі шеңберінде шешуге болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ