Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркияның Кония қаласында дәстүрлі Шеб-и-Аруз фестивалі өтті

AstanaTV
19.12.2014ж. 20:00
1753
Түркияның Кония қаласында дәстүрлі Шеб-и-Аруз фестивалі өтті

Түркияның Кония қаласында дәстүрлі Шеб-и-Аруз фестивалі өтті. Аудармасы - үйлену тойы алдындағы түн деген мағынаны білдіреді. Шеб-и-Арузға бұл жолы Түркия президенті де келді.

Бұл шара жыл сайын шығыстың әйгілі ақыны Жәлеладдин Руми дүние салған күнге орайластырылады. Дәулетті әулеттен шықса да, сопылық жолды ұстанған ақын, өзі өлгенде, қара жамылмауды өтінген екен. Биыл да Конияда Мәулана күніне арналған фестиваль кең көлемде аталып өтті. Ал шара Мәулана дәруіштерінің сема ритуалымен аяқталды. Дәруіштер орындайтын рәсім сырт көзге би түрінде көрінеді. Дегенмен, зерттеушілер оның би өнерімен байланысы жоқтығын айтады. Соған қарамастан, бүгінде сема Конияның, жалпы Түркияның ең тартымды туристік символына айналған.

Шыр айналған дәруіштер биінің сыры неде? Жәлеладдин Руми өсиеті неліктен әлі күнге өзекті, неліктен мәңгі? Кониядан репортажды ертең 20.30-да «Біздің уақыт» сараптама хабарынан көріңіздер.

С.АБДИЕВ