$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Бюджет көлемі мұнай құны арзандауына қатысты өзгеріс

AstanaTV
22.12.2014ж. 10:00
1058
Бюджет көлемі мұнай құны арзандауына қатысты өзгеріс

Мұнай бағасы 40 долларға түссе, не болмақ? Экономика министрлігі мұнай бағасы әр баррелі үшін 40 доллар шамасына жеткен күнде, не істеу керек деген сценарийді қарастырды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Абылқасымова мәлімдеді.

Айтуынша, ведомство ел бюджеті әлемдік нарықта «қара алтынның» бағасы 70, 60, 50, тіпті 40 долларға дейін төмендеуін есепке ала отырып, жоспарланған. Дегенмен вице-министр мұнай бағасы 40 долларға дейін түсе қоймайды деген үмітте.

Айта өтейік, қазіргі бюджет мұнай бағасы 2015 жылы барреліне 80 доллар болады деген есеппен жасалған.

Мәдина Абылқасымова, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігі мұнай бағасы барреліне 70, 60, 50, 40 долларға жоспарланған. Мұндай жағдайда да бюджет кірісі толықтай қарастырылды. Мүмкін боларлық шығындар да болжанып отыр. Келер жылы жағдайдың қалай өрбитініне байланысты болады, әрине. Дегенмен, кез келген жағдайға дайынбыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА