$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Шымкентте екі қабатты үйде жарылыс болды

AstanaTV
22.12.2014ж. 10:00
1339
Шымкентте екі қабатты үйде жарылыс болды

Шымкентте екі қабатты үйде жарылыс болды. Сенбіде, ымырт түсе болған оқыс оқиғаға алдын ала мәлімет бойынша, газ балонының жарылысы себепші.

Жарылыс бірінші қабатта орналасқан пәтерден шыққан. Алдымен қатты жарылып, арты өртке ұласқан. Сегіз пәтерлі баспанада барлығы жиырма үш жан тұрып жатқан. Бақытқа орай зардап шеккен ешкім жоқ. Тек апат орын алған үй иесін құлаған қабырға басып қалып, астынан әзер шыққанын айтады өзі.

Алдын ала болжам бойынша пәтерде жиналған табиғи газ бен ауаның қоспасы тұтану салдарынан тұтанған болуы әбден мүмкін. Пәтер иесі Роза Карчагинаның сөзінше, ол ас үйде сіңірке тұтатқалы жатқаны сол екен қатты қысым лақтырып жіберген. Оқиға орнында барлық күш құрылым жұмыс істеді.

- Бұл баспана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тұрғызылған. Қабырғасы қамыспен нығыздалған үй қалпына келтіруге жарамайды, - дейді сала жауаптылары. Барлық тұрғын қауіпсіз жерге жайғастырылды. Мамандар апат себебін анықтауға кірісіп кетті.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ