$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Лукашенко Украинаға көмектесуге дайынмын деді

AstanaTV
22.12.2014ж. 10:00
1163
Лукашенко Украинаға көмектесуге дайынмын деді

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Украина және Ресей басшыларының өзара мәмілесіне ықпал ете алмайды. Бұл туралы Киевтегі Лукашенко мен Порошенконың кездесуінен кейін «Сегодня» басылымы сарапшы Вадим Карасевке сілтеме жасап мәлімдеді.

Айтуынша, Лукашенко геосаяси тоқыраудан қауіптеніп, барлық тарапқа жағуға тырысуда. Мәселен, Белоруссия басшысының Мәскеу мен Киев арасында татуластырушы-бітімгерлік қызмет атқаруы ең алдымен Лукашенконың өзіне тиімді. Сарапшының пікірінше, Лукашенко сондай-ақ, еуропалықтардың алдындағы абыройын да сақтап қалуға тырысуда.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Киевте Украина мен Белоруссия президенттері кездескен-ді. Жабық форматтағы жиыннан кейін екі ел лидерлері журналистерге сұхбат беріп, Лукашенко украиналық әріптесінің кез келген өтінішін бір күн ішінде орындайтындығын айтқан болатын.

Александр Лукашенко, Белоруссия президенті:

Белоруссия Украинаның кез келген өтінішін бір күнде орындайды. Бұрын да солай болған. Алдағы уақытта да солай болады. Бұл ойын емес. Екі ел арасындағы тауар айналымы зор, оған қоса біз көршілес, бауырлас елміз. Сондықтан, Белоруссия әрдайым Украинаны қолдайды.

Айта кетейік, бүгін Киевке Қазақстан президентінің де сапары жоспарланған. Қазақстан Президенті Украина басшысымен бірге екі жақты қарым-қатынас, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жұрағат БАМАН