$447.08 €479.18 ₽5.53
×

ШҚО-нда фермер ауыл тұрғындарын, сиырларың көкөністерімді жеп қойды деп, сотқа берген

AstanaTV
22.12.2014ж. 10:00
889
ШҚО-нда фермер ауыл тұрғындарын, сиырларың көкөністерімді жеп қойды деп, сотқа берген

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында ерекше сот процессі басталды. Жергілікті бизнесмен Намих Гасанов ауылдасының сиырлары 270 тонна көкеніс жеп,16 миллион теңге шығын әкелгенгендігін айтып шағымданған. Ірі қара иелері енді жауапқа тартылуда. Фермер сотқа әбден әзірленіп келген көрінеді. Ол сот ісіне фото және видео дәлелдерін де тіркеп қойған.

Намих Гасанов, шаруашылық иесі:

Вы признаете, что эта рассада в теплице была моей, да признаю, вот пожалуйста. Вот ходит, уничтожает огород. Как думаете? Да это ваша территория, где были посажены овощи. На этой территории у меня урожай был.

Ал, мал иелері бизнесменнің айыбымен келіспейді. Олар, тіпті бір сиыр қыста 5 тоннадан артық жем-шөп жей алмайтындығын есептеп, дәлелдесе керек. Бірнеше күнде 7 сиыр 300 тонна көкөніс жеуі мүмкін емес деп, фермердің өзіне айып тағуда.

Алғашқы сот отырысы барысында екі тараптың да пікірі тыңдалды. Алайда, мәселенің әлі де шешіле қоймайтын түрі бар. Келеңсіз оқиға бойынша куәгерлер көп. Сондықтан, тергеу амалдары жүргізілуі де ықтимал.

Жұрағат БАМАН