Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

БАӘ министрі ОПЕК мүшелерін мұнай бағасының арзандауы үшін айыптады

AstanaTV
22.12.2014ж. 13:00
1351
БАӘ министрі ОПЕК мүшелерін мұнай бағасының арзандауы үшін айыптады

Мүнай бағасының кұрт құлдырау себептері белгілі болды. Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухаиль аль-Мазруи бұған «мұнай экспорттаушы елдер» қатарына кірмейтін мемлекеттердің «бейбастығы» себеп дейді. Осындай мәлімдемені ол Абу-Дабиде өткен форумда жасады деп жазады Al Arabia.

Бұған дейін Сухаиль аль-Мазруи ОПЕК «қара алтын» бағасы барреліне 40 долларға дейін құласа да, мұнай өндіру квотасын төмендетпейтінін айтқан. Дегенмен, энергетика министрі таяу арада мұнай бағасы тұрақтанатынына сенімді. Айтуынша, құлдырау жалған ақпараттың тарап, бағаның қолдан жасалуынан болып отыр. Сондай-ақ Араб Әмірліктерінің министрі өз елінің баға демпингіне қатыстылығын жоққа шығарды.

Айта өтейік, мұнай бағасының күрт төмендеуі шілдеден бастап байқалды. Сол кездің өзінде Brent маркілі мұнай барреліне $115 долларға дейін түсті. Қарашада Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мұнай өндіру көлемін қысқартудан бас тартты. Салдарынан баға одан сайын құлдырай түсті.

Ал, ірі өндіруші ел - Сауд Арабиясының мұнай министрі Али аль-Наими да мұнай бағасы өседі деген сенім білдірді. Бір қызығы, министрдің бұл мәлімдемесінен кейін «қара алтынның» бағасы шынымен көтерілді. Мәселен, бүгін Brent 1,4%-ға көтеріліп, баррелі үшін 62,23 долларға жетті. Ал, WTI маркілі мұнай бағасы 1,1% артып, барреліне $57,78 долларды құрады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА