$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы көтеріле бастады

AstanaTV
22.12.2014ж. 20:00
1143
Мұнайдың әлемдік нарықтағы  бағасы көтеріле бастады

Мұнайдың әлемдік нарықтағы  бағасы көтеріле бастады. Өсім Сауд Арабиясының знергетика министрі Али Аль-Наимидің ресми мәлімдемесінен кейін байқалып отыр.

Бүгінгі күні қара алтынның Brent маркісі 1,4%-ға артып, баррелі үшін 62,23 долларға жетті. Ал  WTI маркілі мұнай бағасы 1,1% өсіп, барреліне 57,78 долларды құрады. Сауд Арабиясы министрі мұнай бағасы тұрақтайтынына сенімді. Айтуынша, баға құлдырауы мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен өзге мұнай өндіруші мемлекеттердің арасында байланыстың үзілуінен байқалса керек. 

Айта өтейік, мұнай бағасының күрт төмендеуі шілдеден бастап байқалды. Сол кездің өзінде Brent маркілі мұнай  барреліне 115 долларға дейін түсті. Қарашада мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мұнай өндіру көлемін қысқартудан бас тартты. Салдарынан баға одан сайын құлдырай түскені мәлім.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА