$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қайыршылар бүгінгі қоғамның өгей перзенттері ме?

AstanaTV
22.12.2014ж. 20:00
3146
Қайыршылар бүгінгі қоғамның өгей перзенттері ме?

Қайыршылар бүгінгі қоғамның өгей перзенттері ме? Оларды қыстың аязды күндері мен жаздың аптап ыстығында көшеде отырғызып, өткен-кеткенге телміртіп қойған не жағдай? Осы сұрақ «Кеш емес» хабарының студиясында талқыланды.

Екі ғана Қазақстан азаматы отырамыз, қалғандары жас, өтірік отырады.

Руслан Қамбаров, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы:

Бір оралман келіншек, қолында сәбиі бар, жалғызбасты анамын деп жылап келді, оған жәрдем көрсетейік деп, үйіне барғанымызда, өздері түсінбей таң қалып қалған жағдайлар болды. Сондықтан олардың неге қайыр сұрайтын түпкі себебін білу тіпті қиын.

Ал таяуда Үкімет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерту енгізді. 1 қаңтардан бастап күшіне енетін заңға сай қайыршылар мен жеңіл жүрісті қыздарға айыппұл салынбақ. Бұл мәселе де көпшілік арасында қызу талқыға түсуде. Қайыршылар тақыбыры «Астана» арнасындағы «Кеш емес» бағдарламасында көтерілді. Бүгін кешкі сағат 22-00-де жіберіп алмаңыз. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА