$480.55 €533.75 ₽5.36
×

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жас мамандарының семинар-тренингі өтті

AstanaTV
22.12.2014ж. 20:00
1275
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жас мамандарының семинар-тренингі өтті

«Көшбасшылық іс-қимыл». Осындай атаумен Ақмола облысының Зеренді ауылында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жас мамандарының семинар-тренингі өтті. Жастар табиғат аясында өз мамандықтарының қыр-сырымен танысып, пікір алмасты. 

Зерендідегі жиынға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өңірлердегі 50-ге жуық өндірістік ұйымдарының жас мамандары қатысты. Кездесу еркін формада өткізіліп, мамандар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандармен пікірлесуге «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Серік Әбденов те қатысты.

Тимур Мендебаев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ жастар кеңесі төрағасының орынбасары:

Бізде түрлі жастар ұйымдары бар. Олардың көбі дербес түрде қызмет етеді. Ал кейбіреулері жуырда құрылған. Қазіргі таңда біз ортақ тұжырымдама әзірлеу ісін қолға алдық. Ол ең алдымен барлық компанияларда бірыңғай жастар саясатын енгізуге септігін тигізбек.

Кез-келген компанияның табысты болуы ұжымның татулығымен, бірлігімен тікелей байланысты. Екі күндік тренинг бағдарламасына жалпы корпоративтік командалық рухты нығайтатын дәрістер ойын түрінде өткізілді. Лекциялар барысында жастар өзіндік шығармашылық әлеуеттерін байқатты. Сондай-ақ ашық аспан астында қардан мүсіндер жасап сайысты.

Асқар Ноғаев, «Өзен мұнай газ» компаниясының жас мамандар кеңесінің төрағасы:

Компаниямыз осыдан екі жыл бұрын осы жастар кеңесін ашқан болатын. Бүгінде осы «ҚазМұнайГаз» компаниясы осындай жастардың басын қосып, бұл бірінші рет емес, Ақтау қаласында кездескен болатынбыз. Енді негізгі мақсатымыз - осы ұлттық компаниядағы жастардың басын біріктіріп, болашақта бірлікті жұмыс жасауға болатын. Енді осы тим-билдингтер жалғасуда. Осы өзіміздің ұлттық компанияларға көп-көп рахмет.

Осылайша «ҚазМұнайГаз» компаниясының жас қызметшілері таза ауада бас қосып, ұжымдық рухты нығайтып, бір серпіліп келді. Ұлттық компания өкілдері болашақ жастар қолында, сондықтан өз ісіне адал, өз саласының маманы болып шығатын жастарды осындай тренинг-семинарларды өткізу арқылы қолдау маңызды деседі.  

Жұрағат БАМАН