$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қытай Ресейге экономикалық қиындықтарды жеңуге жәрдем бермек

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
1092
Қытай Ресейге экономикалық қиындықтарды жеңуге жәрдем бермек

Ал, Қытай Ресейде қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайды реттеуге қол ұшын созбақ. Мұндай мәлімдемені Қытай Халықтық Республикасының сыртқы істер министрі Ван И жасады.

«Ресейге біз қолымыздан келген көмекті көрсетуге әзірміз». China Daily газетіндегі мақалада министрдің осы сөзі келтірілген. Сондай-ақ, Ван И «экономикалық тығырықтан өз күшімен шығуға Ресей билігінің мүмкіндігі де, ақылы да жетеді», деп есептейді. Және, аспан асты елі мен Ресей әрқашан бір-бірін қолдайды дегенді сеніммен айтты. Қытайдың әлеуметтік ғылымдар академиясының өкілі Ли Цзяньминь, бұл көмек Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мен БРИКС арқылы жүзеге асуы мүмкін екенін айтады.

Ал кей сарапшылар, Ресей экономикасы әрі қарай құлдырай береді, деп болжап отыр. Қытай халықаралық қатынастар институтының Ресейді зерттеумен айналысатын бас сарапшысы Фэень Юцзюнь, алдағы 3 жыл Ресей үшін аса қиын болады, дейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ