Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Петропавлда күн күрт жылынып, жолдар көктайғаққа айналды

AstanaTV
23.12.2014ж. 13:00
1196
Петропавлда күн күрт жылынып, жолдар көктайғаққа айналды

Қызылжарда күн күрт жылынып, жолдар көктайғаққа айналды. Қазір Петропавлда сынап бағанасы 0 градусты көрсетіп тұр. Осының салдарынан тайып құлап, қол-аяғын зақымдап алғандардың саны көбейген.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, соңғы күндері түрлі жарақатпен ауруханаға жүгінгендердің қарасы екі есеге артты. Жол апатынан жапа шеккендердің саны да көңіл көншітпейді. Осы уақытқа дейін 15 адам ауруханаға түскен. Дәрігерлер жолда абайлауды ескертеді.

Валерий Грибашев, Петропавл қалалық №3 ауруханасы травматология бекетінің меңгерушісі:

Ауруханаға әдетте тәулігіне 12-15 адам түседі. Бірақ желтоқсанның 20-нан кейін көшеде көктайғақтан жарақат алғандардың саны 30-ға дейін жетті. Дәрігерлерге жүгінгендердің басым бөлігі қол-аяғын сындырған. Сондықтан, тұрғындарды көшеде асықпай жүруге шақырамын.

Абзал ҚҰРМАНКИН