$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Қытай юаньның беріктігі туралы айтты

AstanaTV
23.12.2014ж. 20:00
Қытай юаньның беріктігі туралы айтты

Қытай алғаш рет ұлттық валютасы – юаньның беріктігі жайында ашық айта бастады. «Бұны аспан асты елінің валюта саясатын өзгертуге жасаған қадамы деп бағалауға болады», - деп жазады «Рейтерс» агенттігі.

Қытай ұлттық банкі төрағасының орынбасары Юй Гэннің айтуынша, үстіміздегі жылы юань қарқынмен өсіп, доллардан кейін екінші орынға бекіді. Шынымен де, юань соңғы алты айда бұрын соңды болмаған жылдамдықпен өскен. Қараша қорытындысы бойынша, өсім 2,3% артып отыр. Осы кезде өзімен көршілес Азия елдерінде девальвация байқала бастағандығын ескеріп, Қытай жағдайды өз пайдасына шешпек ниетте деген сарапшылар да бар. Қазір юань долларға байланбай, позициясын нығайтты. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА