$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО құрылуымен құттықтады

AstanaTV
24.12.2014ж. 10:00
1073
Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО құрылуымен құттықтады

«2015 жыл - Еуразиялық интеграция басталған жыл ретінде тарихта қалады». Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысынан соң баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық, санкциялау саясаты, жетекші державалар арасында сенімнің әлсіреуі, әскери-саяси жағдайдың шиеленісу қаупі - осының барлығы одақтың қалыптасу процесіне әсерін тигізеді. Біз бұл сын-қатерлерді ескердік», - деді Назарбаев.

Осыған орай, ол құрылып отырған интеграциялық бірлестіктің қатысушыларын «күрделі жұмысқа, жаңа сын-қатерлерге дайын болуға» шақырды, деп жазады «ТАСС». Қазақстан басшысы интеграциялық үрдістер арқылы қатысушылар арасында достық, тату көршілік пен сенім нығаятынын атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасы: «Біздің интеграциямыз экономикалық серіктестіктің тамаша үлгісіне айналуы үшін, ЕАЭО қатысушыларының қатары кеңею үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», - деп атап өтті. Сөзінің соңында Президент қатысушы мемлекеттерді ЕАЭО-ның құрылуымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

С 1 января следующего года вступит в силу договор об ЕЭС, участниками которого стали Казахстан, Россия, Белорруссия, Армения, Кыргызстан. Впервые в истории на необъятных просторах Евразии на добровольно-равноправной взаимовыгодной основе создаётся экономическое объединение с мощным природным и ресурсным потенциалом, стратегически важное и в глобальном региональном плане транспортной, энергетической и технологической системы. Мы объединили свой потенциал, отвечая на вызовы XXI века.

Айгүл ӘДЕПБАЙ