$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ұлттық банк курсты күшінде қалдырды

AstanaTV
24.12.2014ж. 10:00
1043
Ұлттық банк курсты күшінде қалдырды

Ұлттық банк доллар мен еуро сатуы мен сатып алу бағамының ауытқу шектерінің қолданыс мерзімін ұзартты. Тиісті қаулыны банк басқармасы қабылдады, деп көрсетілген Ұлттық банктің ресми сайтында.

Аталмыш қаулы айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операцияларға арналған. Құжатқа сәйкес айырбастау пункттері теңгеге деген шетел валюталарын сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шектерінің қолданыс мерзімі 2014 жылғы 11 ақпаннан бастап 2015 жылғы 10 ақпан аралығына белгіленді. Сөйтіп, бағамның ауытқу шегі доллар үшін - 2 теңге, ал еуроға - 3 теңгені құрады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ