$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Украинаның Жоғарғы Радасы өзгеше заң қабылдады

AstanaTV
24.12.2014ж. 10:00
993
Украинаның Жоғарғы Радасы өзгеше заң қабылдады

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің блоктан тыс статусынан бас тарту туралы заң қабылдады. Бақылаушылар, осылайша Украина НАТО-ға ену жолын жаңғырту мүмкіншілігін аңғартты деген пікірде.

Блоктан тыс мәртебеден бас тарту жөніндегі заң жобасын 303 депутат қолдады. Тек 8 депутат қарсы дауыс берді. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңға да өзгерістер енді. Оған Еуропалық одақтың барлық саласымен Украинаның ынтымақтастық орнатуын ұлттық мүдде ретінде айшықтайтын және Еуропалық одаққа мүше болу жөнінде ереже қосылды.

Блоктан тыс статустан бас тарту туралы заң жобасын Жоғарғы Радаға тамызда премьер-министр Арсений Яценюк ұсынған. Ал, өткен аптада президент Петр Порошенко оның мәртебесін жедел деп белгіледі.

Айта кетерлігі, Парламент сайтында құжат авторы ретінде президенттің өзі көрсетілген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ