$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ақтау салықшылары тіркелмеген 300 коттеджді анықтады

AstanaTV
24.12.2014ж. 13:00
1235
Ақтау салықшылары тіркелмеген 300 коттеджді анықтады

Ақтаулық дәулеттілер салықтан жалтарып жүр. Шаһардың 300 тұрғыны жеке коттедж соғып, оны әділет органдарында тіркемеген. Сәйкесінше, мүлік пен жер салығын төлемеуде. Кесірінен облыс қазынасы жыл сайын 60 млн теңгеден қағылып отыр.

Маңғыстау облысының мемлекеттік табыс департаменті қулықтарына құрық бойламайтын азаматтардың аты-жөндерін анықтады. Кей баспана иелері, тіпті коммуналдық қызметтермен келісім-шарт жасасып үлгеріпті. Қаланың Самал, Шығыс және Толқын сынды аудандарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген 292 үй табылды. Олардың орташа нарықтық бағасы шамамен 250-300 мың АҚШ долларын құрайды.

Ендігі жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық бұзған үй иелеріне жаппай ескерту қағазы жіберіледі. Мұндай құжаттар жер телімін кәдеге жаратпаған кісілерге де тапсырылады. Салық заңына сәйкес, ел азаматы белгілі бір жер телімінде құрылыс жүргізбесе, онда тиісті салық төлемдері 10 есеге артады.

Айта кету керек, осыған дейін пайдаланылмаған жер телімдері үшін салық төленбейтін.

Абзал ҚҰРМАНКИН