$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Украиналық «Нафтогаз» «Газпромға» 1,65 млрд доллар өтеді

AstanaTV
24.12.2014ж. 13:00
1337
Украиналық «Нафтогаз» «Газпромға» 1,65 млрд доллар өтеді

Украиналық «Нафтогаз» Ресейдің «Газпромына» бір жарым миллиард доллардан астам өтелмеген қарызын төледі. Бұл туралы украиналық компанияның сайтында жарияланды.

Алайда, «Газпром» ақша аударымы туралы ақпарды әлі растаған жоқ. Ал компания алғашқы бір жарым миллиард доллар көлеміндегі аударым үстіміздегі жылдың 4 қарашасында жүргізілгендігін еске салды.

Айта кетейік, Украина, Ресей және Еурокомиссия 31 қазанда Брюссельде «қысқы газ жоспарын» қабылдаған болатын. Келісім бойынша Украина 2014 жылдың аяғына дейін Ресей алдындағы үш миллиард доллар қарызын өтеп, қосымша газ көлемін алдын ала өтемақы төлеу арқылы алуы тиіс.

Сондай-ақ, онда Мәскеу 2014 жылдың 1 қарашасынан 2015 жылдың 31 наурызы аралығында Киевке мың текше метр газға 100 доллар жеңілдік жасайтындығы келісілген. Ал бүгін халықаралық Moody’s рейтингтік агенттігі, «Газпромның» рейтингіне жағымсыз болжам жасады. Агенттік «Газпроммен» қатар «Башнефть» және «Лукойл» компанияларының рейтінгін төмендетті.

Жұрағат БАМАН