$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Үндістанда содырлар шабуылынан 50 шақты адам құрбан болды

AstanaTV
24.12.2014ж. 13:00
1071
Үндістанда содырлар шабуылынан 50 шақты адам құрбан болды

Үндістандық Ассам штатындағы Бодоленд ұлттық демократиялық майданы тобының содырлары қолынан қаза болған тұрғындар саны 48-ге жетті. Бұл туралы Times of India хабарлайды.

Жергілікті полиция дерегі бойынша, құрбан болғандардың барлығы қарапайым тұрғындар. Қайтыс болғандар арасында әйелдер мен балалар да бар. Ұлттық демократиялық майдан содырлары Сонитпур мен Кокраджар өңірлерінің 5 аймағына шабуыл жасаған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, шабуылдар әлі де жалғасуы ықтимал. «Сондықтан, зардап шегушілер саны да ұлғаю мүмкін», - дейді құқық қорғаушылар.

Жұрағат БАМАН