Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкенттік дәрігер Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты өлтірген үшін ұсталды

AstanaTV
24.12.2014ж. 13:00
1030
Шымкенттік дәрігер Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты өлтірген үшін ұсталды

Шымкенттік дәрігер Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты өлтірген үшін ұсталды. Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД таратқан ақпаратқа сүйенсек, көлігі Шардара-Арыс күре жолында тоқтатылған жүргізуші полицияға сезікті көрінген.

33 жастағы Шымкент тұрғыны басқарған көліктің ішінен Қазақстанда сирек кездесетін, қарақұйрықтың тұтас еті табылған. Бұдан басқа, көліктен 12-ші калибрлі аңшы мылтығы, оның оқтары және аңшыға қажет өзге де заттар анықталды. Көлік иесінің қалалық ауруханалардың бірінде жұмыс істейтіні белгілі болған. Барлық айғақтар алынып, күдікті азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Аталған фактіге сәйкес, ҚК-тің 288-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәрігер бұл қылмысы үшін 200-ден 500-ге дейін АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе мүлкін тәркілеумен бірге бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, - дейді құқық қорғаушылар.

Сералы Бидебаев, Арыс аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы:

Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша Арыс аудандық Ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалған, ҚР 288-бабымен. Қазір арнайы сараптамалар тағайындап, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ