Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішовтің босату туралы өтініші қабылданбады

AstanaTV
24.12.2014ж. 20:00
1121
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішовтің босату туралы өтініші қабылданбады

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішов Жаңа жылды тергеу изоляторында қарсы алатын болды. Қазыбек би аудандық соты оның қапаста отыру мерзімін 2015 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзартты. Соттың  баспасөз қызметі атап өткендей, мұндай шешімді аталған істі тергеуші топ талап еткен.

Айта кетейік, экс-шенеунікке «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Тергеу нұсқаларына сай, құрылыс материалдарын шығаратын оның қарауындағы фирма қаланы көркейтуге қажетті заттарды көтеріңкі бағамен сатқан. Бауыржан Әбдішов 3 ай бұрын қамауға алынған еді. Ал оның абақтыға қамалу мерзімі осымен 2-рет ұзартылып отыр. 

Айжан ҚУАШ