Еуропада жаңа
жылдық сатылымдар басталды. Күнтізбеде қызылмен белгіленген күндерді әрбір
екінші еуропалық тұрғын аса ыждағатпен күткен. Енді сәнді киім-кешек сүйетін «жылтырақ
құмар»
азаматтар мен азаматшалар бірнеше апта бойы созылатын жеңілдіктерге қарық
болмақ.
Жаппай сатылым кезінде бар жиған-тергенін тек француздықтар ғана емес,
бүкіл еуропалықтар сарп етпек. Мерекелік сатылымда киім-кешек пен аяқ-киімдерге
деген жеңілдіктер 50-80 пайызға дейін жететіні белгілі. Ал шоппинг орталықтары
толассыз тұтынушыларды қабылдауға ерте қамданады.
Жұрағат БАМАН