$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Қытайда экстремистердің тобы құрықталды

AstanaTV
25.12.2014ж. 10:00
Қытайда экстремистердің тобы құрықталды

Қытай полициясы кезекті экстремисттік топты қолға түсірді. Бұл жайында Associated Press хабарлайды. Барлығы 20 адам тұтқындалған. Оның біреуі құрықтау операциялары кезінде оққа ұшқаны мәлім болды.

Айта өтейік, Қытай жалпы қорғанысқа қарағанда, ішкі жаулармен күреске анағұрлым көп қаражат жұмсайды. Ресми Бейжің осыған дейін «діни экстремисттерге көрші мемлекеттерде арнайы дайындық шаралары жүргізіліп, кейін олар Қытай шекарасынан заңсыз өтіп жатыр» деп, сан мәрте дабыл қақты. Лаңкестер, әсіресе Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында көптеп шоғырланған. Мұнда бірнеше терракт орын алды. Экстремисттер Шыңжаңға тәуелсіздік беруді талап етіп, Ұйғырстан мемлекетін құрмақ ниетте, деп хабарлайды жергілікті билік өкілдері.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА