$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Биыл әлем бойынша 7 млн-нан астам бала Санта Клаустың атына хат жолдады

AstanaTV
25.12.2014ж. 13:00
1486
Биыл әлем бойынша 7 млн-нан астам бала Санта Клаустың атына хат жолдады

Биыл әлем бойынша 7 млн-нан астам бала Санта Клаустың атына хат жолдаған. Бұл туралы Бүкіләлемдік пошта одағынан хабарлады, - деп жазады «Қазақпарат».

Сәбилердің арман-тілегі жазылған хаттар Канада мен Францияның пошта бөлімдерінде рекордтық көрсеткішке жететін түрі бар. Өткен жылы осы елдердің әрқайсысында 1 млн-нан астам бала пошта арқылы мерекелік тапсырыстарын жіберген.

Көптеген елдерде аз қамтылған отбасы балаларына Сантадан сыйлық тапсыруды қарастыратын әлеуметтік бағдарламалар бар. Мәселен, Португалияда балалардың хаттары арнайы веб-сайтқа орналастырылады, осылайша, кез келген адам олардың арманын орындай алады.

Ал, АҚШ-та «Сантаға хат» арнайы бағдарламасына 20-дан астам пошта бөлімшелері атсалысады. Балалар көбіне ойыншықты қалайды, алайда соңғы кезде киім-кешек, үй жануарларын, сонымен қатар, іні-қарындастарының болуын сұрайтындардың қатары көбейген.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА



Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық