$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Индустрияландыру күні аясында жалпы ұлттық телекөпір өтуде

AstanaTV
25.12.2014ж. 13:00
1764
Индустрияландыру күні аясында жалпы ұлттық телекөпір өтуде

Осы уақытта Астанада Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпы ұлттық телекөпір өтуде. Нұрсұлтан Назарбаев 15 индустриалды жобаны іске қосты.

Атап айтқанда, бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысындағы титан құймалар шығаратын зауытқа, Қарағанды облысындағы алтын өндіретін зауытқа, Ақтөбе облысындағы рельсаралық зауыты мен Батыс Қазақстандағы электр техника өнімдерін жасайтын трансформатор зауыттарының жұмыстарына қан жүгірді. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тасымал дәлізі шеңберінде Сырдария өзені арқылы өтетін 220 метрлік жаңа көпір пайдалануға берілді.

Айта өтейік, биылғы жылы индустриялық саясаттың алғашқы бес жылдығы аяқталады. Осы 5 жыл шеңберінде 75 мың тұрақты жұмыс орындары құрылып, 770 жоба пайдаланылуға енгізілген. Тапсырылған жобалардың 80 пайызы жоспарлы қуаттылыққа шықты. Жаңа кәсіпорындар 4 трлн теңгеге өнім шығарып, 628 млрд теңгенің өнімін экспорттады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА