$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Александр Машкевич: Украинаға Екібастұз емес, Шұбаркөл көмірі қолайлы

AstanaTV
25.12.2014ж. 13:00
1029
Александр Машкевич: Украинаға Екібастұз емес, Шұбаркөл көмірі қолайлы

Украинаға Екібастұз емес, Шұбаркөл көмірі қолайлы. «Астана» телеарнасының сұрағына жауап берген «EURASIAN RESOURCES GROUP» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич осылай деді. Оның ойынша, бар кінәрат - Екібастұз көмірінің сапасында, сондай-ақ өнімді жеткізу жолы да қиын.

Александр Машкевич, «Eurasian Resources Group» директорлар кеңесінің төрағасы:

Менің ойымша, Украинаға, Еуразиялық топ бойынша айтатын болсақ, Шұбаркөл көмірі өте қолайлы болады. Біріншіден, оның сапасы әлдеқайда жоғары, күлі аз шығады. Менің ойымша, Шұбаркөл көмірі Украинаға тиімді болар еді.
Ал, Екібастұз көмірі туралы айтсам, оның күлділігі жоғары. Және логистикасы, жеткізу жолдары қиын болатын сияқты. Біз қазір нұсқау алдық. Украинадағы әріптестерімізбен барлығын есептеп жатырмыз.

Бұған дейін Украина сырты істер министрілігі Украинаның қазақ көмірін Екібастұз және Қарағанды бассейндерінен алатыны туралы хабар таратты. Ал «Арселлор Миттал Теміртау»-дың баспасөз қызметі Қарағанды көмірін Украинаға жеткізу туралы ресми ұсыныс алмағанын айтты.

Дегенмен, егер Мемлекет басшысы осындай тапсырма қойып отырса және ресми ұсыныс түсетін болса, компания Украина нарығына шығуға дайын екенін мәлімдеген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ