Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий ұзартылуы мүмкін

AstanaTV
25.12.2014ж. 20:00
1541
Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий ұзартылуы мүмкін

Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий алдағы жылға ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтты. Оның сөзінше, қазір Үкімет бизнес өкілдеріне қолдау білдірудің іс-жоспарын дайындап жатыр. Тексеру тыйымының ұзартылуын кәсіпкерлер сұраса керек.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:

Қазір бұл көмектердің түрлері қарастырылып жатыр. Кейбір жерде субсидия бойынша мәселені көтеріп жатыр кәсіпкерлер. Екіншіден, осы жылы бітіп жатқан мораторийді кәсіпкерлердің барлығы сұрап жатыр, сол мораторийді 2015 жылға созу бойынша. Енді үкімет бір шешім қабылдар. Тариф бойынша да, тарифтерді 2014 жылмен қалдырып, ары қарай өсірмеу жолдарын ұсынып жатырмыз.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары көрші ел ақшасы курсының төмендеуінен, әсіресе, экспортқа бағытталған тамақ өндірісінен напақа тауып отырған отандық кәсіпкерлердің өндірісі төмендеп жатқанын да айтты. «Осы орайда Үкімет рубльдің әлсіреуінен қиындық көріп отырған Ресеймен көршілес облыстардың кәсіпкерлеріне көмек көрсету жолдарын қарап жатыр», - дейді Нұржан Әлтаев.

Айгүл ӘДЕПБАЙ