Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Жұлдызды аңыз-ертегілер» сайтының тұсаукесері өтті

AstanaTV
25.12.2014ж. 20:00
3098
«Жұлдызды аңыз-ертегілер» сайтының тұсаукесері өтті

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының «Балалық шақ» бағдарламасы аясында, «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен, «Aray media group» студиясының «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты сайтының тұсаукесері өтті. Сайтта қазақтың халық ертегілері мен аңыздарының бірегей аудио-нұсқасы ұсынылған. Бір ерекшелігі - балаларға арналған туындыларды отандық эстрада жұлдыздары және танымал тележүргізушілер дыбыстаған. Ал ертегілердің ұлттық музыкалық сүйемелдеуін музыка мамандары әзірлеген.

Жоба авторларының айтуынша, қазір желіде 12 аудиоертегі жарияланған. Жаңа жылға дейін барлығы 24 аңыз-ертегі шығады деп күтілуде. Келер қаңтар айынан бастап сайттың мобильдік нұсқасы да жарық көрмек. Яғни ұлттық аңыз-ертегілерді сайттан немесе мобильдік нұсқадан тікелей көшіріп алу мүмкіндігі тумақ.

Айгүл Қыдырғалиқызы, жоба продюсері:

Біз ертегілерді жұлдыздарға айтқыздық. Меніңше, бұл бір жақсы идея. Ертегіден неге бастадық десек, айтады ғой, әрбір құндылық тілден шыққан бесіктен шығады деп. Сондықтан биссмиляхи деп, ертегіден бастадық. Ол енді бәріне түсінікті деп ойлаймын.

Жұрағат БАМАН