Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ШҚО-да мүгедектерді оңалту орталығы ашылмай тұр

AstanaTV
26.12.2014ж. 10:00
1209
ШҚО-да мүгедектерді оңалту орталығы ашылмай тұр

Шығыс Қазақстан облысы Греховка селосында қарттар мен мүгедектердің оңалту орталығын салып жатқан 30 жұмысшы 3 айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Бүгін олар бар жұмысты тоқтатты. Тіпті құрылыс алаңынан техниканы шығаруға да бөгет жасады. Айтуларынша, техника - еңбекақыларын қайтаруға қандай да бір кепіл болмақ.

Елді мекенде оңалту орталығының ашылуын жұрт тағатсыздана күтіп отыр. Себебі, тоқырау жылдарында ауылда кен орны жабылып, халық жаппай жұмыссыз қалған. Ал жаңа мекеме іске қосылса, 350 тұрғыны бар ауылда 102 қосымша жұмыс орны пайда болмақ. Осы уақытқа дейін ауылдың 30 тұрғыны жаңа нысанның құрылысында жұмыс істеген. Таяуда құрылыс компаниясы өз техникасын нысаннан біртіндеп шығара бастаса керек. Одан сезіктенген жұмысшылар енді жалақыны талап етіп отыр. Бірақ қолдарында жұмыс берушімен арада жасалған келісім-шарт да жоқ.

Дмитрий Сельдюков, құрылысшы:

Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Ал менің қызым сыйлықсыз қалайын деп тұр. Мен оған уәде берген едім. Бірақ, қалтамда ақшам жоқ. Одан басқа 500 мың көлемінде несием бар. Оны немен төлеймін? Жаңа жылда ақшасыз қалатын түріміз бар.

Жалақының уақытында төленбеу себебін аудандық мәслихат хатшысы түсіндірді. Айтуынша, құрылыс компаниясының басшысы қазір Новосібірде ауруханада жатыр.  Мердігер компания жетекшісі қарызды жаңа жылға дейін өтеуге телефон арқылы уәде берсе керек.

Галина Денисова, Зырьян ауданы мәслихатының хатшысы:

Ол маған бүгін-ертең бұл мәселені шешемін деп айтты.

Іске прокуратура да араласып кетті. Құзырлы орган өкілдері, бюджет қаражатының қайда жұмсалғаны және мердігерлердің жұмысшылар алдындағы қарызы неге 1 млн теңгеге жеткенін анықтамақ. Жалпы, оңалту орталығының құрылысы аяқталуға таяу. Тек әрлеу жұмыстары қана қалды. Жоспар бойынша нысан биыл сәуір айында ашылуы тиіс болатын. Енді мекемені 2015 жылдың ақпанында ашу жоспарланып отыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН

 

Алдыңғы жаңалық