$529.65 €544.64 ₽5.16
×

Әлем католиктері Рождество тойлауда

AstanaTV
26.12.2014ж. 10:00
1284
Әлем католиктері Рождество тойлауда

Бүгін дүниежүзі католиктері қасиетті Рождество мейрамын атап өтуде. Әлемдегі католиктер саны 1,2 миллиардтай. Басты құлшылық ету рәсімі Ватиканда өтеді. Оны Рим Папасы Франциск басқарады.

Күні бұрын пантифик адамдарға «жүрекке құдайды жіберіп, қараңғылықты жеңуге» мүмкіндік беріңдер деп үндеді. Ватикандағы қасиетті Петр соборында жиылған 5 мың құлшылық етуші жандарды дінбасы мейірімділіке үндеді.

Ал, Иордан өзенінің жағасындағы Вифлием қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған зиярат етушілер жиналды. Мейрам кезінде Израиль билігі қалаға кіріп-шығу талаптарын жеңілдетті. Тіпті Газа секторындағы христиандарды мінажат етуге жіберген. Иерусалимдегі рим-католик шіркеуінің дінбасы Фуад Туаль да барлық иуедейлерді, христиан мен мұсылмандарды бірлікте, теңдікте және сыйластықта өмір сүруге үндеді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА